Гидрометеорология саласында "Казгидромет" РМК "Карашокы" метеорологиялық станциясында техник-метеоролог қызметін 1993 жылы бастады. 1998 жылы "Метеорология" мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірді. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң жалпыуниверситеттік магистратурасын бітіріп экология магистрі дәрежесін алды. Осы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің метеорология кафедрасының оқытушысы болып қабылданды. 2008 жылы "Қазгидромет" РМК өлшеу құралдары және аспаптарды тексеру бөлімінің бастығы қызметіне шақырылды, ал 2009 жылы "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша Гидрометеорологиялық Мониторинг Орталығының директоры орынбасары қызметіне тағайындалды. 2010-2013 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. Кафедра жұмысының шеңберінде "Метеорологиялық өлшеу әдістері", "Метеорологиядағы жаңа техникалық құралдар", "Атмосфераның ластануы және оны қорғау", "Атмосфера жағдайының мониторингі", "Қазақстанның экологиялық мәселелері" және т.б. пәндерді мемлекеттік тілде жүргізеді. 2012 жылы "25.00.30 - Метеорология, агрометеорология, климатология" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР БҒМ "Парасат" ҰҒТХ "География институты" ЖШС "Суқоймалар гидрологиясы" зертханасының ғылыми қызметкері болып істеді. 2015 жылдан бастап "Суқоймалар гидрологиясы" зертханасының меңгерушісі болды. 2016 жылы ҚР БҒМ ҚазҰҒТУ "География институты" ЖШС "Гидрохимия және экологиялық токсикология" зертханасының меңгерушісі болып тағайындалды. Гидрометеорологиялық мақсаттағы өлшеу құралдарының аттестатталған тексерушісі болып саналады, Ресей Мемлекеттік Гидрометеорологиялық Университеті, А.И.Воейков атындағы геофизика бас обсерваториясынан берілген сертификатталған тағылымдамалары бар. 60-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Магистратура
2003

КазНУ им. аль-Фараби

Высшее

1998

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
ДокторPhD
Метеорология
15.10.2018

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Ассоциированный профессор (доцент)
12.07.2021
Интересы

Документы автора

0

Цитирования
0 по 0

документам

h-индекс

0